Айдың басы жауын-шашынсыз болады
"Қазгидромет" РМК қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы:
Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.
Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды;
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;
Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжануда, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін; күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.
Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.
Бұл болжам консультативтік болып саналады, оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады