Бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде
Қостанай облысында «Торғай - Шилі - Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«26 наурыз күні «Торғай - Шилі - Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар суы басып қалды. Елдімекенге қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Аталған жерде полиция бөлімінің қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде.