Астанада 30 әуе рейсі кешігіп жатыр

04.01.2023 19:36

Қазір әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр

Almaty.tv

Астанада 30 әуе рейсі ауа-райының қолайсыздығы салдарынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, жұмыс штаттық режимде жүріп тұр. Дегенмен қонуы тиіс 18 рейс, ал ұшуы керек 12 рейс кешігіпті. 

Қазір әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.