Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады

25.12.2019 19:40

Республиканың шығысында Батыс Сібірден суық атмосфералық ауа ағыны келеді

inform.kz

Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РМК «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап. 

«Республиканың шығысында Батыс Сібірден суық атмосфералық ауа ағыны келеді, оны Кар теңізі аумағының кезекті антициклоны алмастырады. Соның салдарынан қар жауып, боран тұрып, күн суиды. Қазақстанның батыс аймағына Қара теңіз және Жерорта теңізінен жылы әрі ылғалды ауа келеді. Сол себепті бұл аймақта ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ жауын-шашын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде қатты жел мен боран тұруы мүмкін», - делінген хабарламада.