|
15.01.2022 | 15:08
3664

Көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің 5 аймағында жолдар жабылды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге мәлім етті

Көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің 5 аймағында жолдар жабылды  Фото: ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ақпараты бойынша күн райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көріну) бес өңірде жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге мәлім етті. 

«Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Азаматтарды күн райының өзгеруін бақылаып, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қыста елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын біліп алған жөн»,-делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир