|
15.01.2022 | 15:30
4417

Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді

Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді  Фото: ашық дереккөзден

Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқарманың хабарлауынша, Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жолаушыларға есігін қайта ашады. Таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Пойыздардың қозғалыс интервалы қарбалас уақытта 10 минут, басқа уақытта 13 минуттан болады. «Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады. Осылайша, қалалық маршруттар таңғы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир