Қазақстанда күн суытады

11.08.2021 19:47

Алматыда 12 тамызда күн ашық, күндіз +34°C, түнде +20°C жылы болады

Қазақстанда 12-14 тамыз аралығында ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың шығыс бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, жаңбыр жауады.

Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел болып, жаңбыр жауады.

Республиканың батысында температура төмендейді.

Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13°C дейін төмендейді, күндіз 15-23°C болады.

Оңтүстікте түнде 8-18 °C дейін, күндіз 18-34°C градусқа дейін төмендейді.

Батыста түнде ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 17-27°C, күндіз 30-40°C болады.

Айта кетейік, Алматыда 12 тамызда күн ашық, күндіз +34°C, түнде +20°C жылы болады. 13 тамызда күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29°C, түнде +20°C. 14 тамызда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +25°C, түнде +19°C жылы болады.