Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі болды

07.04.2024 19:50

Ошағы 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан

Victor Glutsenko

7 сәуір сағат 13:46 шамасында Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі some.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен 13:46 сағатта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5 MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09°. Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.

Оқи отырыңыз: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы