|
28.01.2019 | 14:06
2802

Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Елімізде алдағы үш күнде қар жауып, боран болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қаңтар айының аяқталуына небәрі үш күн қалды. Бұл күндері ауа райында елеулі өзгерістер  болмайды. Әдеттегідей, қатты аяздан кейін күн жылдам жылынып, кейін қайта суытады.

«Алдағы тәулікте 35 градустық аяздар суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысады. Ал Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасатын циклон келеді. Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклон өзімен бірге республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылбысқы қар, көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталыққа қар, бұрқасын, екпінді жел және ауа температурасының жоғарылауын алып келеді», - делінген хабарламада.  





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир