Алматыда Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады

phonoteka.org
phonoteka.org
Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мейрамын «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.

Осыған байланысты world-weather.ru сайтының синоптиктері мегаполис тұрғындары үшін 5 күнге арнап ауа райы болжамын жасады.

Сенбі, 19 наурыз, бұлтты, қар, күндіз +1, түнде 0.

Жексенбі, 20 наурыз, қар, күндіз 0, түнде -2.

Дүйсенбі, 21 наурыз, бұлтты, күндіз +2, түнде -2.

Сейсебі, 22 наурыз, жаңбыр, күндіз +6, түнде -1.

Сәрсенбі, 23 наурыз, бұлтты, күндіз +6, түнде -1.

Новости партнеров