Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

07.06.2019 14:22

kaz.nur.kz

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні түнде 15-20, күндіз 23 м/с күшейеді.

Қостанай қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар аймақта нөсер жаңбыр жауады.

Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бірнеше өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды.

Петропавл қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні  15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады.

Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 23 м/с жетеді.