Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе облысында 5 ауылда жарық жоқ

10.02.2024 00:23

Өңірге қарасты 5 автожол жабылды

elements.envato.com

Ақтөбе облысында ақтүтек боран салдарынан жарықсыз қалғандар азаймай тұр. Өңірлік құтқару қызметі 5 ауылдың электр желісінен қол үзіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше облысқа қарасты Хромтау мен Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жарияланған. Аталған аумақта ауа райының құбылуынан жарық, су, газ желісінде ақау пайда болған. Жергілікті құтқару қызметінің өкілдерінің айтуынша, екі күн бұрын басталған боран үйлердің шатырын жұлып әкеткен. Қазір өңірге қарасты 5 автожол жабылды. Оның үшеуінің республикалық маңызы бар. Қар құрсауында қалған 160 адамның құтқарылғаны хабарланды. Оның 17-сі бала, жетеуі - жүкті әйел екен. Жылыту бекеттерінде 800 адам тұрған көрінеді, олар – шетелдіктер мен жүк көлігінің жүргізушілері. Өңірдегі ахуалды біртіндеп қалпына келтіру үшін облыста арнайы бригада жұмыс істеп жатыр.

– Бізден бөлінген 20 бригада жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда әр аудан электр желісіндегі ақауды жөндеп, қалыпқа келтіріп жатыр, – деді  «Энергосистема» ЖШС бас директоры Ержан Жексембинов.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланды