Сәуірдің соңғы күнінде елордада қар жауып тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуірдің соңғы күнінде елордада қар жауып тұр. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД қалада ауа райы құбылатынын бұған дейін де ескерткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Нұр-Сұлтанда таңертең ғана күн бұлттанып тұрған еді. Түске таяу қар жауып, ауа райы күрт бұзылды. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.


Қазгидромет кеше хабарлағандай, 30 сәуірде күндіз қар аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Көктайғақ болып, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз 0-2 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарының назарына біршама нұсқаулықтар ұсынған болатын.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елордада ертең күн райы күндіз +5...+7-ге шамасында болса, түнде сынап бағанасы -5-ке дейін төмендейді. Қазгидромет сонымен қатар, мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

«Батыс облыстарда 1 мамыр мерекесінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылынады. Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Қазақстанның шығысында екпінді жел соғып, қатты жауын-шашын болады. Түнгі және таңғы уақытта көктайғақ, тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады. Күндіз +12+20°С», - деп хабарлайды Қазгидрометтен.  

2 мамырдан бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күшіне енеді. Ал шығыс бөлігінде әлі де кей жерлерде жауын-шашын болады. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады.


Новости партнеров