Атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні күндіз 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысының бірнеше өңірлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Ал жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында күндіз бұршақ жауып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 19-24 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысыда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.