Маңғыстау облысында күн қатты ыстық болады деп күтілуде
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ жауып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының бірқатар аумаңында жел 15-20 м/с күшейеді. Ал, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау облысында күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күннің қатты ыстық болуының салдарынан өрт болуы мүмкін.