Еліміздің солтүстігінде күн салқындайды

05.09.2022 20:55

3 күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады найзғай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ болжанады.

Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13-қа дейін, күндіз 15-23-қа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23-қа дейін, күндіз 20-35 дейін-қа төмендеуі күтілуде.