"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі, кей жерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады. 23 сәуірде кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді", - делінген хабарламада.
23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.
24 сәуірде Ақтөбе облысы, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде кей жерде 3 градус үсік күтіледі.
23 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде найғазай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 23 сәуірде кей уақытта найғазай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.