|
05.07.2019 | 09:07
5758

Күн ыстық болады: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн ыстық болады деп күтілуде

Күн ыстық болады: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы aussiedierbote.de

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгдромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде түнде  тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн ыстық болады деп күтілуде.

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир