Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым әсерінен тұман түсіп, жел тұрып, бұршақ жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Маңғыстау облысынның бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей тұман түсіп, дауыл тұрады.
Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды Түркістан облыстарында күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.