Атырау облысында «ГАЗ-53» қағып кеткен 8 жасар бала көз жұмды

29.05.2019 21:23

Атырау облысында «ГАЗ-53» көлігі қағып кеткен 8 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Индер ауданындағы Бөдене ауылында болған. Ауыл ішіндегі жолда велосипед теуіп жүрген сегіз жасар бала «ГАЗ-53» көлігінің астына кіріп кеткен. Ауыр жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Өңірдегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.