Дауыл, найзағай, бұршақ: 13 маусымға арналған ауа райы болжамы

12.06.2019 21:00

ria-express.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақытта жер қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай қаласында күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.