6-7 сәуірде Алматыда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты нөсерге айналады
Алматы қаласы және оған іргелес елді мекендердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«6-7 сәуірде Алматыда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты нөсерге айналады. Сондықтан қалаға іргелес тау бөктерлерінде су ағысы күшейіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал», - делінген Қазгидрометтің ескертуінде.