Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

05.04.2019 21:36

2002 жылғы Қызылорда облысы тұрғынының бұл әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр

Vzglyad.az

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы.

Құтқарушыларға хабар 4 сәуір күні сағат 11:26-де түскен.

«Үш минуттың ішінде жеткен құтқарушылар төтенше жағдай орнына келіп, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімінің басшысы Ә.Сахиев пен бас құтқарушы Б.Алжанов 200 метрге дейін аралықта жүзіп оны өзеннің сол жағалауына шығарды. Осы уақытта қайықпен келген құтқарушылар өзеннің оң жағалауына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды»,  –  делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, қыз көпірге әдейі секірген. 2002 жылғы Қызылорда облысы тұрғынының бұл әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр.