Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
1 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 1 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, екпіні секундына 16 метр жетеді.
Түнде және тәңертең 1 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 1-ші маусымда тәулік бойы кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.
2019 жылы 1 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпі сақталады.