ШҚО-да қар көшкіні жүрді
дереккөзден
Көлемі 600 текше метр қар түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда облыстық маңызы бар «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде қар көшкіні жүрді.
Жалпы көлемі 600 текше метр қар түскен.
«Аталған жол көшкін қаупіне орай алдын ала жабылған болатын. Қазіргі уақытта учаскені техника тазартып жүр. Содан кейін де жол жабық күйінде қалады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сонымен қатар бүгін «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.
Барлығы 4 рет жарылыс жасалып, 8200 текше метр қар түсті.
Айта кетейік, өңірдегі таулы жерлерде 8 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00