Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

27.11.2019 21:19

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазгидромет 28-30 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет ақпаратынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанда антициклон әсерінен бірқалыпты аяз, ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен болады деп болжанып отыр.

"Қауіпті құбылыстарға тоқталсақ, түнде және таңғы уақытта жолды көру мүмкіндігі 100...500 метрге дейін нашарлайды, тұман және көктайғақ күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы:

Нұр-Сұлтан

• 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -10°C, күндіз -9°C.

• 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -14°C, күндіз -8°C.

• 30 қарашада күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -11°C.

Алматы

• 28 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -8°C, күндіз -4°C.

• 29 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8°C, күндіз -4°C.

• 30 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз -3°C.

Шымкент

• 28 қарашада күн ашық. Түнде -7°C, күндіз +4°C.

• 29 қарашада күн ашық. Түнде -4°C, күндіз +5°C.

• 30 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -3°C, күндіз +8°C.