Еліміздің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының бірнеше өңірлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысынын облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Түркістан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынын бірқатар аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел екпіні 15-18 м/с күшейеді.
Түнде Қарағанда облысының кей жерлерінде - 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында - 3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.