Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады. Ал кейбір аймақтарда бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидромет РМК сілтеме жасап.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.