Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын басынан күн өтіп кетпес үшін көп серуендемеуге кеңес береді
"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде қалалық ТЖД Алматы тұрғындары мен мегаполис қонақтарын 17 шілдеде аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер, сондай-ақ инфаркт пен инсульт алу қаупі бар адамдар үшін аптап ауа райы қауіпті", - делінген хабарламада.
Құзырлы ведомства азаматтарды аптап ыстықта серуендеуге шығудан аулақ болып, дене жаттығуларымен, ауыр физикалық жұмыспен белсенді айналыспауға шақырады.
Дәрігердің ұсыныстарын орындау және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензияға шалдыққан адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек. Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын басынан күн өтіп кетпес үшін көп серуендемеуге кеңес береді.