|
16.05.2019 | 16:32
4497

Тұман, жел: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қауіпі болуы мүмкін

Тұман, жел: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы фото из открытых источников

Елімізде 17 мамыр күні жауын жауып, тұман түсіп, дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумағында  дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с соғады. Шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының бірнеше өңірлерінде  түнде және таңертең тұман түседі.        

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында күндіз қатты жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Атырау, Түркістан, Ақмола облыстарының бірнеше өңірлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне түнде тұман түседі.

Павлодар, Қарағанда, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -3 градусқа дейін суық болады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қауіпі болуы мүмкін.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир