Қазақстанның кей жерінде +42°C ыстық күтілуде

21.06.2021 22:37

Батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 22-24 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ге сілтеме жасап.

Кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13°C, күндіз 12-23°C жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22°C, күндіз 24-35°C жылы, батыста түнде 15-25°C, күндіз 34-42°C ыстық болады.