Бұршақ, найзағай, аптап ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

m.timolod.ru
m.timolod.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36°С аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 25 м/с жетеді.

Сондай-ақ, күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, тіпті - 23 м/с дейін күшейеді.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с жетеді.

Новости партнеров