Шілденің шіліңгір ыстығы басталды. Мамандар, елімізде алдағы 3 күнде күн райы 43 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облысының басым бөлігінде және оңтүстік өңірде ауа температурасы тым жоғары болмақ. Бұл аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Қазгидромет мамандарының ақпарынша, 12-13 шілде аралығында республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ал шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ашық болады деп күтілуде.
– Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы батыс циклоны өтеді. Соған байланысты батыста, кейін еліміздің солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай және бұршақ қатты жел күтіледі, – деді «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі Махамбет Маратов.
Оқи отырыңыз: ТЖМ аптап ыстыққа байланысты жоғары дайындық режиміне ауысты