Жаңбыр, бұршақ, жел: 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

25.06.2019 14:25

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады

twitter.com

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан облысында тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал, түнде тұман түседі,  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облысыраның күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігіне таңертен тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Павлодар облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысындағы қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай облысының кей жерлерінде, Қарағанда облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.