26 мамырда Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі
желісіне сілтеме жасап.Бүгін таңертең мегаполисте ауа райы бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Таулы аймақтарға қар түсті. Әлеуметтік желіде де жауған қардың видеосы тарап жатыр.
Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.
Бұған дейін Ақмола облысында қар жауғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 26-сы күнгі күн райы болжамын жариялаған еді.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітіріп жатыр