Қазақстанның кейбір өңірлеріне синоптиктер ескерту жариялады

amp.politeka.net
amp.politeka.net
Синоптиктердің болжамынша, 7-8 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, 7-8 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, циклон Салехард өңірінен (РФ) келген. Күн суытып, бүгін түнде ауа температурасы 0 мен - 8 градус аралығында болады. Жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев, Шал ақын, Жамбыл, Қызылжар аудандарында жауын-шашын қалыптан артық жауып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетпек.

Ал 10 сәуірден бастап күн жылына бастайды, бұл күні ауа температурасы +12 градусты көрсетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз -9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді.

8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа төмендейді. Еске салайық, а уа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде автожолдар жабылды.

Новости партнеров