Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында қар көшкіні жүруі мүмкін

05.03.2023 22:05

Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн

Фото ашық дереккөзден

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» ескертуі негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

«Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер тауда сізге көмек қажет болса 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз», – деп ескертті департаменттен.

Оқи отырыңыз: Алматыда төтеншеліктер көпшілікке апатты жағдайда құтқару техникасымен таныстырды