Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
19 сәуір күні түнде Ақмола облысының бірқатар өңірлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Осы күні Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел тұрады. Желдің қарқыны секундына 9-14, күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді.
19 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады.
Қостанай қаласында 19 сәуірде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
19 сәуірде Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Түнде бірқатар аймақта көктайғақ болып, найзағай ойнауы мүмкін.
19 сәуір күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін күшейеді.
Осы күні Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан қаласында да найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан қатты жел соғады.
19 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстігінде тәулік бойы жауын-шашын болады (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні 15-20, түнде 23 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе қаласында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с дейін жетеді.