Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі
Синоптиктер еліміз бойынша жаз мезгілінің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Жаз Қазақстанның барлық өңіріне күнтізбе бойынша келеді. Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайтын болады. Тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ауа температурасы күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте + 37 + 43°С дейін, оңтүстік- шығыста +30 + 37°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі.