Еліміздің шығысы мен солтүстігінде үсік жүреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 27-28 қыркүйек күні 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавлда түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.
Семейде 27 қыркүйек күні түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік болуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52