"Қазгидромет" синоптиктері 14-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуіне әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды.
Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендеуі күтіледі. Бірақ ол ұзақ болмайды.
"Дүйсенбі, 16 желтоқсанда Ресейдің еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттардың жылжуымен, жауын-шашын және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - деп болжам жасады "Қазгидромет".
Қазақстанның көптеген облысында тұман мен көктайғақ сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы
14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында аздап қар жауып, жел 8 м/с дейін күшейеді. Түнде - 8 градус, ал күндіз - 11 градус.
Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Температура түнде - 1, күндіз + 1 градусты құрайды.
Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынды, қар аралас жаңбыр жауады. Термомтер түнде + 1, күндіз - 2 градусты көрсетеді.
15 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жел 4 м/с дейін бәсеңдейді. Түнде термометр бағамы минус 19, ал күндіз минус 14 градусқа жетеді.
Алматы қаласында күн бұлтты, қар жауады. Түнде минус 2, күндіз минус 4 градус ауа райы қалыптасады.
Ал Шымкентте күн ашық. Термомтер түнде - 8, күндіз + 1 градусты көрсетеді.
16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болады, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде - 16, күндіз - 15 градусты құрайды.
Алматыда күн бұлтты, термометр бағамы түнде - 5, ал күндіз - 1 градусқа жетеді.
Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Температура түнде - 6, күндіз + 5 градус.
17 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн ашық, жел күші 5-6 м/с. Түнде - 19 градус, ал күндіз - 12 градус.
Алматыда күн бұлтты болады. Температура түнде - 5, күндіз - 2 градусты құрайды.
Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Термомтер түнде - 4, күндіз + 7 градусты көрсетеді.