|
26.11.2022 | 17:50
6928

Алматыда ауа райы күрт суытады

Осыған байланысты ТЖД жолға шыққан адамдарды барлық сақтық шараларын мұқият орындауға шақырып, бірнеше кеңес ұсынды

Алматыда ауа райы күрт суытады arnapress.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖД деректеріне сәйкес, 27 қарашада Алматының жолдарда көктайғақ болатыны, ауа температурасының -12...-14°C-ге дейін күрт төмендейтіні болжанады.

Ауа райы суытқан кезінде электр құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты техногендік сипаттағы өрттердің пайда болу мүмкін.
Осы кезеңде гипотермия мен аяз кезінде далада қалып қалған адам денесінің үсіп қалу қаупі жағдайлары болып, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеуге байланысты, яғни желілердің шамадан тыс жүктелуі, үйдегі жылыту, газ құрылғыларын пайдалану және көмір отынымен жылытылатын пештерді пайдалану ережелерін сақталмауынан, оқыс оқиғалар тіркеледі.

Осыған байланысты құзырлы департамент жолға шыққан адамдарды барлық сақтық шараларын мұқият орындауға шақырып, бірнеше кеңес ұсынды:

  • көп далада жүрмеңіз және қажеті болмаса көшеге шықпаңыз. Бұл, әсіресе кішкентай балалар мен қарттарға қатысты. Елдімекендерден шалғай орманда, тауда шаңғы теуіп, серуендеу сынды демалыс жоспарларын кейінге шегере тұрыңыз;

  • көлікпен алыс сапарға шығудан бас тарта тұрыңыз;

  • сыртқа шықпас бұрын киіміңізге назар аударыңыз: ауа райын ескере отырып, киініңіз, денеге жабысып тұратын тар киім, биік өкшелі аяқ киім кимеңіз, өйткені бұл қан айналымын азайтуға және тез тонуға ықпал етеді;

  • үсік шалудың, мұздаудың алғашқы белгілері (қалтырау, сезбеу, терінің бозаруы, ұйқының келуі, шаншудың пайда болуы) білінгенде ең жақын жердегі жылы ғимаратқа кіріп, жылынып алыңыз. Тонған жерді алақаныңызбен қызарғанша үйкелеңіз, жеңіл массаж жасаңыз, жүн матамен сүртіңіз, үрлеңіз, содан кейін ақ дәкемен (немесе қолыңыздағы кез келген шүберекпен) таныңыз;

  • үсік шалған (таңғышты қолданғаннан кейін) жағдайда медициналық көмекке жүгінуді ұмытпаңыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир