Aлматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар
Фото : mapio.net
Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына сақ болуды ескертті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Aлматы қаласында лай көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте жаңбыр жаууына байланысты және “Қазгидромет” РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін», – делінген хабарламада.
Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына сақ болуға керегін ескертті.
«Осыған байланысты қаланың таулы бөлігінде тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылған жағдайда қондырғыны сөндіріңіз. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45