Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел 15-22 м/с күшейеді
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні 15-20 жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, бұршақ жауып, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел 15-22 м/с күшейеді.
Қарағанда облысында екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде жел тұрып, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Павлодар, Батыс-Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.