|
25.02.2024 | 11:05
20825

Тұман, көктайғақ: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Түркістан облысы

25 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкентқ.: 25 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанқ.: 25 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақмола облысы

25 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

25 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

25-27 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда күндіз, 26-27 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 25-26 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

24 ақпанның сағат 21.00-ден 25 ақпанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Оқи отырыңыз: Аяз, қар, тұман: 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир