Температуралық көрсеткіш климаттық нормадан 3-10° жоғары болды
Күздің жылы болуы қазақстандықтарға таңсық жағдай емес. Мамандар күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі болуына, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық көрсеткіш климаттық нормадан 3-10° жоғары болды. Метеобақылау тарихында биылғы қараша өте жылы болды, жылы ауа райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет ауа райы жылы қараша 2010 жылы болды, ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° ауытқыды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қар жамылғысы қашан жайғасады