Көктайғақ: мамандар тас жолға себілетін құм сапасын тексерді

Almaty.tv
Almaty.tv
Еліміздің 6 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің 6 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұрқасын мен қалың қарға байланысты өңірлердегі республикалық тасжолдардың бүгінде 12 учаскесі жабық. «ҚазАвтоЖол» өкілдері тиісті жұмыстар қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы облысындағы республикалық тасжолдарда қар тазалау жұмысы өткен түннен бері жалғасуда. Көктайғаққа байланысты онда тұз аралас құм себіліп жатыр. Мердігерлерден бөлек, жолды күтіп ұстау мәселе бойынша тексеріске шыққан арнайы мамандар да жүр.

– Алматы-Шамалған, Қырғызтан Республикасының шекарасы және Алматы-Бішкек тас жолдарын тексердік. Түнде жаңбыр жауып, күн суытты. Жолды тексерудегі мақсат – жолдағы қызметкерлер жұмысын тексеру, – деді  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының инженері Ердос Көкірекбаев.

Мамандар трассалармен қатар, жолды күтіп ұстауға жауапты мердігерлердің жұмысын да бағалады. Техника саны мен қолданып жатқан материалдарын, оны сақтайтын қоймасын да аралады.

Қауіпсіздік үшін асфальттан бөлек, көктайғақта төселетін материал сапасы да жоғары болғаны аса маңызды. Мамандар, қолданатын құмның жарамдылығын, тексеру мақсатында бір қабын арнайы зертханасына алып кетті.

Көлік қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында себілетін құмның құрамында шаң-тозаң болмауы керек. Себебі ол суға араласса, балшық болып, керісінше, зияны тиетін көрінеді. Сондықтан барлығы тиісті мөлшерде болғаны жөн.

– Тиісті нормаға сәйкес келмесе, сынама алынған мекемеге хабарлаймыз. Қолданатын материалының сапасыз екенін айтамыз. Сол бойынша ары қарай шаралар қолданылады, – деді Ердос Көкірекбаев.

Сынама ретінде алынған құм мен тұз аралас материалдар зертханада тексеріледі. Инженердің айтуынша, нәтижесі 1-2 күнде шығады.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша жолға қатысты қысқы жұмыстарға 160-тан астам адам мен 100-ге жуық техника жұмылдырылған.

Оразай Нұртайұлы, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Новости партнеров