Күн -3 градусқа дейін суытады: 3-8 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы​

03.09.2019 15:40

Түнде кей жерде 1-3 градус үсік жүреді

«Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр жауып, күннің суытуына әкеп соққан циклон алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына ықпал етеді. Осы циклонмен бірге суық атмосфералық фронттар оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлер арқылы жылжиды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ауа райы болжамына сүйенсек, циклон мен фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік облыстарда ауа температурасы төмендейді, ал солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады.

«Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің кей аудандарында түнгі уақыттарда 1-3°С үсік болуы мүмкін», – деп ескертеді Қазгидромет.

3 қыркүйекте Алматыда түнде+ 19, күндіз +25 градус болады.