Оңтүстікте аптап ыстық, ал солтүстікте бұршақ жауады

Южный горизонты
Южный горизонты
Оңтүстік облыстарда ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде бұршақ аралас жауын-шашын жауады. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі. Бүгін қысқа мерзімге болжам жасаған «Қазгидромет» мамандары осылай деді.

«Республикамыздың солтүстік аймақтарына Орал жақтан ылғал және салқын ауа массалары кіре бастайды. Және де сол ауа массасының Шығыс бағытта жылжуына байланысты республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Дауылды жел соғып, тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Соған сәйкес, ауа температурасы да төмендейді. Әйтсе де республикамызда ыстық әлі қайтпайды. Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында алдағы демалыс күндері ауа температурасы +38-46 градус шамасында болады. Алайда шілде айының 22-сінен бастап бұл аймақтарда да ауа температурасы біршама төмендейді», – дейді  «Қазгидромет» РМК қысқа мерзімге берілген болжамдар басқармасының жетекші инженер синоптигі Лаура САЙЛЫБАЕВА.

Естеріңізде болса, күні кеше ғана Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті күннің қатты ысуына байланысты ескерту жарияланған еді.

Новости партнеров