Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, дауыл тұрады, ал түнде аспанды тұман торлайды. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Қазгидромет мамандары осындай болжамдар жасап отыр. Күннің суытуы неліктен күтілуде? Бұл сауалға жауап беру үшін аталған мекеменің жетекші инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева дәл қазір студиямен тікелей байланысқа шығып отыр.
– Лаура Қанатқызы, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?
– Кеш жарық. Сұрағыңызға рахмет. Республикамыздың оңтүстік-шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарында демалыс күндері аномальдық температура болған 33-34 градусқа дейін. Алайда, суық арктикалық циклондар ықпалынан осындай температура қыркүйек айына тән температураға ауысады. Ал республикамыздың Шығыс және Орталық аймақтарында арктикалық циклондар ықпалынан алдағы 3 тәулікте жаңбыр күтіледі, екпінді жел соғады және де ауа температурасы түнгі сағаттарда -3 градусқа дейін төмендейді. Ал Қазақстанның Батыс және солтүстік аймақтарында суык арктика фронтальді әсерінен жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі байқалып жатыр. Және де алдағы 3 тәулікте осындай ауа температурасы әлі де сақталады. Жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Және де түнгі сағаттарда үсік және тұман күтілуде.
– Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жіті тоқталып өтсеңіз? Күн райы қалай болмақ?
– Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйектің 24-інде кей уақытта жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 11-13 градус жылылықты көрсетеді. Ал, қыркүйектің 25-26 -сы жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы күндіз 11-13 градусты құраса, түнде -1-3 градусқа дейін төмендейді. Алматы қаласында қыркүйектің 24-і күндіз аздаған жаңбыр жауады. 25-26-сы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы алдағы 3 тәулікте түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылылықты құрайды. –
Рахмет, Лаура! Бізбен тікелей байланыста болған Қазгидромет орталығының жетекші инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева болатын.